Төрт жыл қатарынан әскери жаттығулар өткізіліп, оның барысында әскери кафедраның студенттері жауынгерлік дайындық пен атыс жаттығулары, оқу тактикасы және алғашқы көмек көрсету тәжірибелерімен айналысады.
Бірақ елдегі қазіргі жағдай түзетулер енгізуде. COVID-19 індетін жұқтырғандар саны төмендемей тұр. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен жүргізген ұзақ келіссөздер барысында дайындықты әскери-оқу және әскери-далалыққа бөлу туралы шешім қабылданды.
Әскери-қолданбалы пәндерді оқыту бойынша оқу-жаттығу жиындары 15-30 маусым аралығында ZOOM платформасындағы онлайн түрінде өткізіледі. Тыңдаушылар күндізгі оқу кезінде оқитын ақпараттың толық көлемін алады. Студенттер алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алатын далалық жиындарды 2020 жылдың күзіне ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай оңай емес. Бұл ақпарат ағымдағы кезеңге өзекті болып табылады. Студенттер барлық өзгерістер туралы уақтылы хабар алып тұратын болады.