object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 23:45:27.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Әскери кафедраға оқуға түсу үшін іріктеу кезеңдерінен өту тәртібі

Құрметті талапкерлер!

Әскери кафедрада оқуға үміт білдіргендерді іріктеу конкурс негізінде жүзеге асырылады және іріктеуді 2020 жылдың 12-21 қазан аралығында арнайы комиссия (бұдан әрі - іріктеу комиссиясы) жүзеге асырады. Іріктеу комиссиясының құрамы мен оның жұмыс істеу мерзімі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №169 бұйрығымен анықталады. Конкурсқа тек күндізгі оқу бөлімінің студенттері және Қазақстан Республикасының азаматтары ғана қатыса алады, сондай-ақ әскери дайындыққа тартылған уақытта жасы 24-тен аспауы тиіс. Студенттерді іріктеу байқауы төрт кезеңде өткізіледі:

1) бірінші кезең - әскери-медициналық сараптама жүргізу ережелеріне сәйкес медициналық тексеруден өту.Әскери-дәрігерлік комиссияның медициналық сараптама нәтижесі бойынша «ЖАРАМДЫ ЕМЕС» деп танылған студенттер келесі кезеңге өтпейді.

2) екінші кезең - студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу. Тестілеу эпидемиологиялық жағдайға байланысты қашықтықтан жүзеге асырылады.

3) үшінші кезең - дене шынықтыру нормативтерін тапсыру. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты бірінші курстағы «дене шынықтыру» пәніндегі баға ескерілетін болады. Колледжден кейін келген студенттер үшін колледж дипломының қосымшасындағы «Дене шынықтыру» пәні бойынша бағалау ескеріледі.

4) төртінші кезең - іріктеу комиссиясының жұмысы. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты комиссия жұмысы студенттердің қатысуынсыз өтеді. Рейтингтік балл психологиялық тестілеу нәтижелері, дене шынықтыру пәнінің бағасы және GPA бойынша құрылады.

Екінші, үшінші және төртінші кезеңдер қабылдау комиссиясының жұмысы кезінде өтеді. Қабылдаудың әр кезеңінен өтуге бір-ақ рет рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген талапкер келесі кезеңге жіберілмейді. Қабылдау кезеңінен өту нәтижесімен келіспеген талапкер сол күні қабылдау комиссиясының төрағасына жазбаша өтінішпен жүгінеді. Қабылдау комиссиясының шешімі өтініштің мәні бойынша хаттамамен ресімделіп, өтініш түскен күннен бастап 1 күнтізбелік уақыт аралығында қабылданады.

Сәттілік тілейміз!

Қабылдау комиссиясы