object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 23:34:31.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Әскери кафедра: психологиялық тестілеу

Әскери кафедрада оқуға үміт білдіргендерді іріктеу конкурс негізінде жүзеге асырылады және іріктеуді 2020 жылдың 12-21 қазан аралығында арнайы комиссия (бұдан әрі - іріктеу комиссиясы) жүзеге асырады. Іріктеу комиссиясының құрамы мен оның жұмыс істеу мерзімі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №169 бұйрығымен анықталады. Конкурсқа тек күндізгі оқу бөлімінің студенттері және Қазақстан Республикасының азаматтары ғана қатыса алады, сондай-ақ әскери дайындыққа тартылған уақытта жасы 24-тен аспауы тиіс.

Студенттерді іріктеу байқауы төрт кезеңде өткізіледі: медициналық тексеруден өту, кәсіби-психологиялық тестілеу, дене шынықтыру нормативтерін тапсыру, іріктеу комиссиясының жұмысы.

Бүгін әскери мамандықтың адамгершілік және іскерлік сапаларының сәйкестік дәрежесін анықтауға бағытталған психологиялық тестілеу өтеді. Сондай-ақ, тест резервтік мүмкіндіктер деңгейін, кәсіби және жеке әлеуетті анықтауға мүмкіндік береді. Тест онлайн режимінде өткізіледі, тестілеудің ұзақтығы 60 минут және оны тек бір рет өту мүмкіндігі бар. Тестілеудің өту барысы және тест нәтижелері туралы ақпаратты мына сілтеме арқылы өтіп, білуге болады.

Қабылдау комиссиясы