Baitursynuly University студенттері республикалық пікірсайыс турнирінде университетіміздің намысын абыроймен қорғады.
«SHYN» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен өткен турнир 5–6 сәуір күндері М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде (Петропавл қаласы) өтті және Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды.
Республикалық пікірсайыс турнирінің қорытындысы бойынша студенттеріміз “Жастар финалының” жеңімпаздары атанып, делегациямыз турнирдегі «Ең үздік делегация» деп танылды.
Құттықтаймыз! Мақтан тұтамыз!