Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының меңгерушісі Алматай Жүсіпова студенттерімен 13-15 ақпан аралығында Алматыда Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында өткен «Радио – баршаға арналған платформа: идеялар генерациясынан инновацияға» атты VII Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы медиа мектебіне қатысты. Бұл шара 2014 жылдан бері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің ұйымдастыруымен және ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы кластерлік бюросының қолдауымен өтіп келеді. Аталмыш іс-шараға қатысу мүмкіндігі биылғы жылы алғаш рет ҚМУ студенттеріне де бұйырыпты. «Журналистика және коммуникаиялық менеджмент» кафедрасының 2-3 курс студентері Елизавета Завгородняя, Гүлден Жүзенова, Нұрай Сапарбекова радио-журналистика бойынша білімдерін жетілдіріп қайтты.
Бұл жолғы оқу бағдарламасы радиодағы 3 негізгі тақырыпты қамтыды. Атап айтсақ: радиодағы плюрализмді насихаттау,оның ішінде мемлекеттік, жеке және қоғамдық хабар таратушылар; жаңалықтарда қоғамдағы түрлі топтардың теңдестірілген өкілдігін насихаттау және аудиторияның жан-жақтылығын көрсететін әртүрлі редакциялық материалдар мен бағдарламалар түрлерін насихаттау.