object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 19:56:57.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ШЕТЕЛ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКЕН ДӨҢГЕК ҮСТЕЛ

А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ «Қостанай облысының ормандарын өрттен кейін қалпына келтіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда өрттен кейінгі орман экожүйелерінің жай-күйі мен мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстел биология, экология және химия кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Юнусова өз баяндамасында Аманқарағай борындағы ауқымды табиғи апаттың толық хронологиясына тоқталды. Ал шетелдік ғалымдар, Орман техникалық университетінің профессоры (София қ. Болгария) Александр Ташев, сондай-ақ б. ғ. д., профессор, РҒА СБ систематика және жануарлар экологиясы институтының аға ғылыми қызметкері (Новосибирск қ. Ресей) Сергей Соловьев Аманқарағай ормандарын қалпына келтірудің тиімді әдістері туралы ұсыныстарын айтты.

Биология, экология және химия кафедрасының аға оқытушысы, биология магистрі Сергей Кожевников Аманқарағай орман алқабында туындаған салдарларды бағалау үшін озық технологиялар мен қашықтықтан оқыту әдістерін қолдану мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Жалпы дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті. Экожүйенің бұзылу деңгейін анықтау, Аманқарағай орман алқабының аумағында одан әрі зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарлары талқыланды.

Дөңгелек үстел соңында Аманқарағай орман алқабын қалпына келтіру бойынша нақты ұсыныстар жинақталған ұсынымдар жобасын дайындау туралы шешім қабылданды.

Дөңгелек үстел жұмысына университетіміздің ректоры Сейтбек Қуанышбаев та қатысты.

Қабылдау комиссиясы