object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-29 09:16:28.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Шерағаңның шығармалары - шеберліктің үлгісі

А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы Ш.Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай түрлі іс-шаралар өткізілуде. Осындай шаралардың бірі қарашаның 29-ы күні Ө.Сұлтангазин атындағы педагогикалық институттың Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен өтті. «Заманның заңғар тұлғасы» атты әдеби-шығармашылық кеш барысында қазақ әдебиетінің қара нары, қазақ журналистикасының жампозы, шындықтың жебесі тәрізді теңеулерді бір бойына сыйдыра білген Ш.Мұртазаның тұлғасы, қоғамдағы рөлі туралы айтылды, қаламгердің шығармашылығы да толық қамтылды. «Ай мен Айша» шығармасынан үзінді монолог, қаламгерге арналған арнау өлеңдер оқылды, «Бір кем дүние» кітабының нақыл сөздері бойынша қойылым көрсетілді.

30 қарашада П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы «Шерхан Мұртазаның мұрасы» атты Қостанай өңірінің шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Аталмыш шара Тәрбие жұмысы жөніндегі басқарманың қолдауымен өтті.

Іс-шараның қадірлі қонағы Махмұт Қашқари атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Ақылбек Шаяхмет Шерхан Мұртазаның көзін көріп, бірге жұмыс істеу бақыты бұйырғанына тоқталды. Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық Қазақ драма театрының Әдебиет бөлімінің меңгерушісі Абылай Мауданов жазушының шығармашылығы жайында баяндап, студенттерге «Қызыл Жебе», «Ай мен Айша» шығармаларын оқуға кеңес берді.

 

Қабылдау комиссиясы