object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-30 19:42:35.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Шахмат КЛУБЫ бар, енді Шахмат КУБОГЫ да болады!

Baitursynuly University шахмат клубының енді тұрақты мекен-жайы бар: Абай даңғылы, 28 орналасқан оқу корпусы. Бүгін клубтың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

– Біз бұл клубты дәл осы жерде орналастыруды жөн көрдік, себебі бұл корпустарда бірден екі ауқымды факультет студенттері білім алады, – деді ҚӨУ ректоры Сейтбек Қуанышбаев. – Бірақ бұл клуб университеттің барлық студенттері мен қызметкерлеріне бірдей қолжетімді.

Клубта шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ ойнауға болады. Айта кетейік, ҚӨУ-де бұл ойын түрлеріне қызығушылық өте жоғары.

– Университетіңізге алғысымызды білдіреміз, – деді «Қазақстан шахмат федерациясы» Қостанай облыстық бөлімшесінің атқарушы директоры Павел Русанов. – Баршаңызды шахмат ойнауға шақырамын. Бұл – логикалық ойлау мен есте сақтауды дамытудың тамаша құралы. Оны барлық мамандық иелері пайдалана білуі керек.

ҚӨУ ректоры клубпен ғана шектелмей, одан әрі қадам жасауға ұсыныс білдірді. Жаңа оқу жылында Ректор кубогын өткізіп, аймақтың студенттері мен жоғары сынып оқушыларын біріктіру.

«Күздің жылы күнінде, ашық аспан астында өткізейік. Барлық костанайлықтар шахмат ойнай алатындай жағдай жасайық», – деді Сейтбек Бекенұлы.

Бұл бастаманы жиналғандар бірауыздан қолдады.

Қабылдау комиссиясы