object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-26 05:48:25.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша кәсіптік бағдар

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 4 оқытушысынан тұратын жұмыс тобы еліміздің оңтүстік өңірлерінде «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын бастады.

Қостанай өңірлік университеті 2015 жылдан бастап «Серпін – 2050» «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасын белсенді жүзеге асырып келеді. Осы уақыт ішінде университет 2 мыңнан астам жоғары білікті мамандарды дайындады. Олардың көпшілігі бакалавриат бағдарламасын аяқтап, біздің университетте магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуын жалғастырды. Сондай-ақ, бағдарлама түлектері өңірдің жетекші кәсіпорындарында табысты жұмысқа орналасып, лайықты жалақы алады.

Қазіргі таңда ҚӨУ-де 300-ге жуық студент білім алуда. Бағдарламаға қатысушылардың барлығы жатақханамен қамтамасыз етілген, ұжымға ойдағыдай қосылып, жаңа достар тапты, оларға білікті ұстаз-тәлімгерлер бекітіліп, жан-жақты қолдау көрсетуде.

Биылғы оқу маусымында студенттерді қабылдау қазақтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналмақ. Бүгін университет қызметкерлері Қызылорда және Түркістан облыстарына аттанып, мектеп түлектерімен кездеседі, «Серпін» бағдарламасы, университеттің білім беру бағдарламалары туралы ақпарат береді. Бұл ҚӨУ қызметкерлерінің оңтүстік өңірлерге бірінші сапары емес, мұндай кездесулердің маңыздылығы жоғары. Тәжірибе көрсеткендей, көптеген мектеп оқушылары мемлекеттік бағдарлама мен оның беретін мүмкіндіктерінен бейхабар.

Қабылдау комиссиясы