КҮМІС жүлде ҚӨУ-де

Біздің университеттің қоржынында тағы бір жүлделі орын!

Baitursynuly University баскетбол командасы ұйымшылдық пен жеңіске деген ұмтылыстың арқасында жүлделі 2-орынды иеленді. Ойын тартысты әрі әсерлі өтті, ал біздің спортшылар жарыста университет намысын барынша қорғады.

Студенттерімізді лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз және оларға жаңа жеңістер мен жарқын жетістіктер тілейміз!

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ “Студенттік көктем 2026” фестивалінің жалпы есептік көрсеткіші бойынша әлі де көш бастап тұр. Бұл студенттердің жоғары дайындық деңгейін және университеттегі спорттық белсенділікті айқын көрсетеді.

Қабылдау комиссиясы