object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 06:42:27.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Сапа – басты назарда

Ұлттық сенім кеңесінің отырысында сөз сөйлеген Президент Қ.К. Тоқаев қашықтықтан оқыту жүйесінің сапасына ерекше назар аударды.

Қостанай мемлекеттік университетінде онлайн режиміндегі білім беру бағдарламаларын әдістемелік және ұйымдастырушылық жетілдіру бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда.

Қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу кезінде университет жеке білім беру бағдарламалары мен технологияларын іске асырудың алғашқы кезеңдерінен өтті, қазіргі уақытта сынақтар мен емтихандар жүйесін жетілдіріп жатыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің арқасында студенттер көктемгі сессияны аяқтап, соңғы курстар кешенді емтихандарға дайындалуда.

Компьютерлік тестілеу негізінде университет түлектері қорытынды емтихандарды тапсырады, ал диссертацияны қорғау ZOOM, TrueConf, Ethutorium, BigBlueButtom платформаларында өткізіледі. Сонымен қатар, түлектерге ыңғайлы болу үшін университетте онлайн режимде тексеру парақтарын (обходной лист) тапсыру жүйесі құрылды. Енді құжат тиісті бөлімшелермен толтырылады да студенттің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Қарыз анықталған жағдайда, бұл құжатта белгі ретінде көрсетіледі. Осылайша, біз әркімнің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін жағдай жасаймыз.

Көктемгі семестр қорытындысы бойынша біз ҚОТ енгізудің бірінші кезеңінен өтеміз. Бұл белсенді LMS жүйелерін, Learning Management System-оқытуды басқару жүйелерін енгізуді көздейді. Олар білім беруді жаңа деңгейге шығаратын ресурстар менеджментіне желілік білім беруді белсенді қайта құруды көрсетеді.

Қабылдау комиссиясы