object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 10:19:12.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Салық сауаттылығы

Студенттер мен түлектердің салықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру, сонымен қатар салықтардың толық және уақтылы төленуіне қатысты жастар арасында азаматтық ұстаным қалыптастыру мақсатында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде мансап және жұмыспен қамту орталығының қолдауымен Қостанай қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті заң бөлімінің бас маманы Аягөз Байгоновамен вебинар өтті. Отырыстың басты тақырыбы - Салық кодексіндегі 2020 жылдан бастап енгізілетін өзгерістерді түсіндіру.

Оқу жылы ішінде Мансап және жұмыспен қамту орталығы меншіктің барлық түріндегі жұмыс берушілермен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментімен, Жұмыспен қамту орталығымен, «Атамекен» АЭС және басқа да мекемелер мен кәсіпорындардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастырды.

Бүгінгі вебинар жұмыспен қамтуды ынталандыру шаралары аясында өткізілді және студенттер мен түлектердің салықтық сауаттылығы мен мәдениетін арттыруға, сонымен қатар жастардың салық төлеуге оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.

Кездесу барысында студенттер білді:

Қабылдау комиссиясы