Бүгін 20 қазан 2020 ж. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде Рухани келісім күніне орай "Рухани келісім – бейбітшілік пен тыныштықтың жалғыз жолы" атты ұлтаралық жəне конфессияаралық мәдениеттің өзара ықпалын дамытуға бағытталған онлайн дөңгелек үстел өтті. Онлайн дөңгелек үстелдің ұйымдастырған Этносаралық жəне конфессияаралық келісім мәселелерін зерттеу орталығы. Алғы сөз Экономика және құқық институтының директоры Әлібек Табылденовке берілді.
Аталмыш іс-шараға қатысқан спикерлер: Әбішев Н.М., Қостанай облысы əкімдігінің Дін істері басқармасының бас маманы; Чашков В.Н., еврей этномəдени бірлестігінің төрағасы; Тойғанов М.С., экстремистік идеологияға қарсы тұру іс-қимыл бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің мамандарын даярлау орталығының бастығы, полиция майоры; Рудный қалалық "Нұр" мешітінің имамы Бектұрсынқажы Уəлиев; Протоиерей Виталий (Клеба Виталий Павлович), Қостанай жəне Рудный Епархиясының православ шіркеуінің протоиерейі, богословия бакалавры; Зәмзагүл Рахимова, қазақ бөлімінің "Тарих" жəне Егізбаева Сания, орыс бөлімінің "Тарих" мамандықтардың студенттері. Онлайн дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдар, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттері шақырылды. Онлайн дөңгелек үстелде этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мәселелері бойынша спикерлер сөз сөйлеп, пікір алмасты.