Бүгін бакалавр және магистратура студенттері үшін аттестациялық апта басталды. Барлық ақпараттық жүйелер ретке келтірілді, аттестациялық тапсырмалар Platonus және Moodle жүйесіне жүктелді. Магистратурада 1-ші жыл оқып жатқан студенттер үшін оқу іс-шараларының уақыты кейінге шегерілді:
1 аттестация – 2-7 қараша аралығында;
2 аттестация – 21-26 желтоқсан аралығында;
емтихандық сессия – 28 желтоқсан мен 9 қаңтар аралығына өтеді.
Үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін бүгіннен бастап құрылымдық бөлімшелер арасында сараптама және аттестация тәсілдері мен туындаған мәселелерге белсенді түрде шешім қабылдау үшін мониторинг жүргізіледі. Құрметті студенттер, аттестация – қорытынды бақылаудың маңызды бөлігі. Оған жауапсыз қарамаңыздар және жағдайды соңғы сәтте түзетеміз деп ойламаңыздар.