object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 22:30:34.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Республика күні – тәуелсіздіктің символы

Бүгін ҚӨУ-де «Республика күні – еліміздің мемлекеттілікке батыл қадам жасауының символы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оған мемлекеттік, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ғалымдар мен ұстаздар, А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің, сонымен қатар Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.

Бұл күні, 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-нің егемендігі туралы декларация қабылданды. Декларация еліміздің тәуелсіздігінің негізін қалады. Декларацияда Қазақстанның шынайы егемендігінің барлық атрибуттары бекітілді: өз аумағы мен азаматтығы; мемлекеттік биліктің тәуелсіздігі мен толықтығы; мемлекеттік бюджет; халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік, мемлекет егемендігінің классикалық рәміздері – Елтаңба, Ту, Әнұран, сонымен қатар өзінің ұлттық валютасы. Сондықтан бұл күн мемлекеттік мереке болып бекітілді. Бірақ 2009 жылы заңға өзгерістер енгізіліп, Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, оған сәйкес Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Республика күні – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің нышаны деген ортақ пікірге келді.  

Қабылдау комиссиясы