object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 12:24:51.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ректоратта қаралған маңызды мәселелер

13 қаңтарда А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті ректоратының отырысы өтті.

Отырыста екінші семестрдің маңызды мәселелері, инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жұмысты одан әрі жетілдіру мәселесі қаралды.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар санының артуы инклюзивті білім беруді енгізудің өзектілігі мен қажеттілігіне себеп болды.

2020 жылы Инклюзия ресурстық орталығы құрылды, инклюзияда 20 жылдық жұмыс тәжірибеміз бар, бүгінгі күні бізде ерекше қажеттіліктері бар 350-ден астам студент бар. Университет түлектерінің арасында магистрлер, докторлар, Еуропа мен әлемнің паралимпиадалық чемпиондары бар.

Архитектуралық, ақпараттық және білім беру қолжетімділігін қамтитын кешенді қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін кедергісіз ортаны дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.

Атап айтқанда:

- қозғалыс жолдарының қауіпсіздігін құру – тұрақ алаңдарын жабдықтау, пандустар, көтергіш механизмдер, қабатаралық баспалдақтарға қосымша тұтқалар орнату;

- ғимарат ішінде қозғалуға арналған ақпараттық қамтамасыз ету: белгі ақпарат құралдары, ескерту белгілері – пиктограммалар, табличкалар мен жапсырмалар және тактильді ақпарат құралдары, тактильді көрсеткіштер, Брайль қарпі бар ақпаратты табличкалар;

- санитарлық тораптар мен себезгі кабиналарының, жатақханалардағы бөлмелердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін үй-жайларды қайта жабдықтау, құжаттарды дайындау және рұқсат беру құжаттамасын алу, жобалау құжаттамасын әзірлеу.

Екінші мәселе ретінде оқыту нәтижелерін бағалаудың инновациялық әдістерін қолдану таплқыланды.

Қашықтықтан оқыту кезеңінде академиялық саясатқа, атап айтқанда аралық және қорытынды аттестаттауға елеулі түзетулер енгізілді. Бағалаудың инновациялық әдістеріне және заманауи ақпараттық жүйелерді пайдалануға баса назар аудару туралы шешім қабылданды. Қолданылатын бағалау құралдарының білім, білік және дағдыларды анықтауға ғана емес, сонымен қатар құзыреттілікке бағытталғаны маңызды.

Университет қабылдап жатқан барлық шаралар білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

 

Қабылдау комиссиясы