Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры Сейітбек Қуанышбаев университет ұжымы және облыс жұртшылығы алдында өткен жылға есеп берді, сондай-ақ 2022-2023 оқу жылына арналған міндеттерді белгіледі. Кездесу университеттің әлеуметтік желілерінде тікелей эфир арқылы көрсетілді, ректордың есебімен толығырақ танысам десеңіздер сілтеме арқылы өтіңіздер:
https://www.facebook.com/baitursynov.university/videos/5804845656204588/
https://www.instagram.com/tv/Cj4-2IFpbX0/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Ректор баяндамасында оқу үрдісін ұйымдастыру, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы, түлектерді жұмысқа орналастыру, халықаралық ынтымақтастық, білім беруді интернационалдандыру мәселелеріне тоқталып, университеттің ғылыми қызметін қорытындылады.
Өткен оқу жылында оқу орны ұжымы университетті өңірдің дамуы үшін ғылым мен білімді біріктіретін кадрлар дайындайтын орталыққа айналдыру бағытында біршама жұмыстар атқарғаны айтылды.
Дегенмен, университеттің қаржылық жағдайын түзеу, бизнес-процестерді жаңғырту, университетті басқарудың заманауи тәсілдерін ескере отырып, жоғары білікті кадрларды тарту, экономикалық жоспарлауды тиімді ұйымдастыру, студенттер санын арттыру, талапткерлерді қабылдаудың жаңа саясатын енгізу, оқу үрдісін ұйымдастыруды жетілдіру сияқты мәселелер шешімін табуы керек.
Бүгінгі Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысында бірқатар міндеттер қойылды, олардың шешімі қалыптасқан дағдарыстан шығуға және біздің университеттің миссиясын іске асыру үшін ұжымның жұмысын реттеуге, шынымен сапалы және сұранысқа ие білім беруді қамтамасыз етуге көмектеседі деген ойдамыз.