Бүгін Baitursynuly University-де белгілі экономист, дипломат Берлин Иришевпен кездесу болды.
Университеттің әйгілі қонағы – біздің жерлесіміз. Берлин Кенжетайұлы Жітіқарадан.
Ол Алматы халық шаруашылығы институтын және Москва қаржы институтының күндізгі аспирантурасын, РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының докторантурасын, Дипломатиялық және стратегиялық зерттеулер оталығын (Париж) бітірген.
Қаржыгерлердің столының үстінде жататын кітаптардың авторы.
Кездесуде экономика ғылымдарының докторымен болған кездесуде экономика және табыс тарихы және жалпы өмір философиясы туралы әңгіме өрбіді. Бұл, расында, аса көрнекті қайраткермен нағыз қызықты, тағлымды кездесу болды.