Бүгін А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетіне Ұлыбритания елшілігінің бизнес және сауда департаментінің бірінші хатшысы Бэт МАККЕНДРИК келді.
Қонағымызды ректор Сейтбек Қуанышбаев, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ербол Исакаев қарсы алып, ЖОО тарихы мен дамуы жөнінде айтып берді.
Кездесуде Ұлыбританияның жоғары оқу орындарымен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық перспективалары, бірлескен зерттеулер жүргізу және шетелдік ғалымдарды Қазақстанға шақыру мүмкіндіктері туралы сөз қозғалды.
Бэт МАККЕНДРИК қазіргі уақытта Ұлыбритания қазақстандық жоғары оқу орындарымен, әсіресе өңірлік жоғары оқу орындарымен байланыс орнатуды мақсат етіп отырғандарын айтты.
Танысу сәтті өтті. Алдағы уақытта ынтымақтастықты одан әрі жетілдіретін боламыз!