Baitursynuly University Король Сечжон атындағы институттың ашылғаны туралы сертификат алды. Салтанатты тапсыру рәсімі Кореяның мәдениет спорт және туризм министрлігінің қолдауымен Корей тілі оқытушыларының халықаралық конференциясы аясында Сеулде (Оңтүстік Корея) өтті.
Конференцияға әлемнің 134 елінен 300 қатысушы жиналды. Baitursynuly University атынан ҚӨУ проректоры Жеңіс ЖАРЛЫҒАСОВ пен корей тілі және мәдениет институтының басшысы Нағима МАНАСБАЕВА қатысты.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ базасында Король Сечжон институты алдағы қыркүйек айында ашылады. Мұнда студенттер мен оқытушылар корей тілін үйреніп, аталған елдің мәдениетімен танысады.
Естеріңізге сала кетейік, бұл Қазақстандағы төртінші филиал. ҚӨУ бұл филиалды серіктесі – Оңтүстік Кореяның Dong–Eui университетімен бірге ашқалы отыр.