object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 04:37:24.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Әріптесіміз Қазақстанның көрнекті әйелдерінің тізіміне енді

Республикалық ауыл әйелдерінің форумы ауылшаруашылығымен айналысатын және осы сала бойынша ғылыммен айналысатын жүздеген әйелдердің басын қосты. Жыл сайын Форум жаңа тұлғаларды ашады, олардың есімдерін елге танытады. Биыл елеулі еңбегінің арқасында есімі еленгендердің қатарында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің қызметкері Айгүл Амандықова бар. Оның есімі «Қазақстанның табысты әйелдерінің 100 оқиғасы», «100 жаңа есім» тізіміне және «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы – 2019» жобасының

«I Халықаралық ғалымдардың энциклопедиясына» енгізілген. Сонымен қатар ол «Ұлттық агроөнеркәсіптік кешендегі агрономия және жаратылыстану ғылымдары» ғылыми мамандығы бойынша Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Академиясының корреспондент мүшесі және «Қазақстанның көрнекті әйелдері» байқауының жеңімпазы атанды. Айгүл Амандықова бұл марапатқа Қостанай жылқыларының тұқымын сақтап қалудағы белсенді ғылыми позициясы үшін ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанның көрнекті әйелдері» байқауы осы жылдың наурыз айында еліміздегі еріктілер жылы аясында бастау алған болатын. Оның ұйымдастырушылары - Израиль мен Франция елдерінің елшіліктері, Тель-Авив университетінің достар қауымдастығы, Сорбонна Қазақстан институты, «Жақсылық акселераторы» қоғамдық бірлестігі және Қазақстан халқы Ассамблеясы.

2009 жылы Айгүл «Қостанайдың асыл тұқымды жылқылары» кітабының IV томының авторы болды, ал 2019 жылы Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары мемлекеттік мекемелерімен бірлесіп «Қазақ тұлпары» ЖШС жылқы заводында Қостанай жылқыларының генетикалық әлеуетін арттыру және популяциясын сақтау бойынша материалдар жинақтап, Қостанай жылқыларының мемлекеттік кітабының V томында жариялады. Сондай-ақ, «Қазақ тұлпары» жылқы заводында асыл тұқымды айғырлардың тұқымдық генетикалық банкін құрудың бизнес-жоспарын дайындады және бес жылға, 2019-2023 жылдарға арналған «Қазақ тұлпары» асыл тұқымды жылқы зауытында Қостанай тұқымды жылқыларды селекциялық-асылдандыру жұмыстарының жоспарын жасады.

 

 

Қабылдау комиссиясы