«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысындағы филиалы Академия филиалының 2020-жылы жасаған игі істерін қорытындылады. «The Year Awards» салтанатты онлайн-іс-шарасының барысында бірігіп жұмыс істеген ұйымдар мен белсенді қызметкерлерді марапаттады.
Филиал директоры А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Smart-орталығы басшысы Гүлмира Дамбаулованы ерекше атап өтті, Алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ Smart-орталығының қызметкері Владимир Мадинге облысымыздың мемлекеттік қызметкерлерін қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру саласындағы табысты қызметі үшін «Жылдың үздік оқытушысы - 2020» дипломы табысталды.