ҚР-ның Тәуелсіздігі күні қарсаңында ҚӨУ-де «Қазақстан мемлекеттілігінің қазіргі кезеңдегі эволюциясы» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында студенттер мен оқытушылар Қазақстанның бүгінгі даму процесі, әлеуметтік-экономикалық оң өзгерістері туралы ой қозғады.
Дөңгелек үстел спикерлері:
ҚӨУ-нің Зерттеулер, инновация және цифрландыру жөніндегі проректоры Жеңіс Жарлығасов дөңгелек үстелді қорытындылай келе студенттерге:
«Тұрақты мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар, ата-аналарың қаржылай қолдайды, студенттік шақты, бос уақыттарыңды құр жіберіп алмаңдар. Жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруге, тіл үйренуге тырысыңдар. Заман ағымына сай маман әрқашан сұранысқа ие. Егеменді елімізді дамытуға үлес қос!»,-деп бағыт берді.






