object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-23 13:31:33.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Психология және инклюзивті білім беру орталығы

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің базасында психология және инклюзивті білім беру орталығы жұмыс істейді, ол студенттер мен оқытушыларға онлайн режимде жеке психологиялық кеңес беруді ұсынады.

Орталыққа күрделі өмірлік жағдайларға тап болған кез-келген адам хабарласа алады:

- Өз-өзіне күмәндану, өзін-өзі бағалаудың төмендігі, ішкі жанжалдар, өмірге наразылық;

- Отбасындағы қиындықтар және оларды шешу, ерлі-зайыптылар арасындағы қиындық, эмоционалды тәуелділік, ажырасу, туыстарымен қарым-қатынас;

- Жанжалдар, созылмалы шаршау синдромы;

- апатия, өмірдің мағынасын жоғалту;

- жас дағдарыстары;

- мақсат қою мен мақсатқа жетудегі қиындықтар;

- кәсіби өзін-өзі анықтау және өзін-өзі дамыту.

Орталық осы және өзге де мәселелерге байланысты психологиялық көмек беруге дайын. Онлайн кеңес беру Skype және басқа да мессенджерлерді қолдануды қамтиды, сондықтан қолдау мен кеңесті ыңғайлы ортада және құпия түрде алуға болады. Орталық онлайн режимінде психологпен кеңес берудің көптеген форматтарын қолданады: бейне кеңес, қоңырау, хат алмасу және т.б.

Психологиялық кеңестерді ҚМУ-нің Психология және инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі, психолог-консультант, жаттықтырушы, магистр - Татьяна Волошина жүргізеді.

Сіз дүйсенбіден жұмаға дейін, демалыс күндерін қоспағанда, 14.00-ден 18.00-ге дейін байланыса аласыз. тел. 87772760674

Психология және инклюзивті білім беру орталығын келесі сілтемелерден іздеңіздер:

фэйсбук: https://www.facebook.com/groups/228551595225284

вконтакте: https://vk.com/public194184736

инстаграм: https://www.instagram.com/centrepsy_inclusion/?hl=ru

Қабылдау комиссиясы