27 қазанда 6697 әскери бөлімі бөлімшелерінің штаттан тыс психологтары үшін әскери қызметкерлерді психологиялық қолдау мәселелеріне арналған оқу-әдістемелік кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Психология және педагогика кафедрасының доценті Ләззат Ордабаева қатысып, «Метафоралық бейнелерді қолдану арқылы эмоционалды күйзелісті жою» тақырыбында баяндама жасады. Психология және педагогика кафедрасы бірнеше жылдан бері әскери бөлімнің психологиялық қызметімен белсенді ынтымақтастықта. Психолог-студенттер әскери бөлім негізінде кәсіби тәжірибеден өтеді, дипломдық жұмыстар жазады.