object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 00:31:07.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Біліміңді тексер

Елімізде QazaqGeography бастамасымен алғашқы географиялық диктант өтті.

Акция республиканың жоғары оқу орындары мен географиялық ұйымдары алаңдарында ұйымдастырылды. Солардың бірі – Baitursynuly University.

Мақсаты – географиядан білім деңгейін көтеру, қоғамның географияға деген қызығушылықты арттыру.

Диктант офлайн форматта өтті. Әрбір қатысушы еліміздің география саласы бойынша білімдерін қазақ және орыс тілдерінде тексеруге мүмкіндік алды.

Айта кетейік, диктант жасырын түрде өтті. Тіркеу кезінде әрбір қатысушыға бірегей код берілді, сол код бойынша әркім 26 сәуірде @qazaqgeography Инстаграм-аккаунтынан өз қорытындысын біле алады.

Акцияға 500-ден астам адам қатысты. Біздің оқу орнынан Қостанай мектептерінің биылғы бітірушілерін көргенімізге қуаныштымыз.

Геодиктанттың қорытындысы, ҰБТ қорытындысы бойынша оқушыларға сәттілік тілейміз!

Қабылдау комиссиясы