Осы аптада Baitursynuly University-дің студенттері мен оқытушылары қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық диктантқа қатысты.
FinIQ – бұл 20 сұрақтан тұратын онлайн-тест. Ол адамның қаржы, банк қызметтері және алаяқтықтан қорғану саласындағы білім деңгейін анықтауға көмектеседі.
Тесттің мақсаты – қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығын арттыру. Оған кез келген адам, мектеп оқушыларынан бастап зейнеткерлерге дейін қатыса алады.
Қатысушыларға 25 минут беріліп, тест аяқталғаннан кейін бірден нәтижесі шығады.
50% дұрыс жауап үшін – Сертификат, 80% және одан жоғары нәтиже үшін – Жеңімпаз дипломы табысталады.
Сонымен қатар, Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері түсіндіргендей, әр өңірдегі алғашқы он жеңімпазға Halyk Bank тарапынан сыйлықтар беріледі.
Кіріспе бөлімнен кейін студенттер бірден тәжірибеге көшті. QR-код арқылы сайтқа кіріп, FinIQ тестін орындап көрді.
Бұл мүмкіндікті кез келген қазақстандық пайдалана алады. FinIQ тесті 20 қазанға дейін ашық.
Өз біліміңді amlacademy.kz сайтында тексеріп көр!