Оқушылар арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тоқсан сайын"Парасаттылық сағаты" республикалық акциясын өткізеді.
Ағымдағы жылдың 18 мамырында дәстүрлі "Парасаттылық сағаты" кездесулерінің орнына онлайн форматта өткізіледі.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын ескере отырып, онлайн дәрістің тақырыбы "Парасаттылық-Ұлы Абайдың мұрасы" болмақ. Дәріс өскелең ұрпақты адал және парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналған.
Осы акция аясында республика бойынша 9-11 сынып оқушылары мен жоғары оқу орындары мен колледждердің бірінші курс студенттері қамтылады.
"EL ARNA" және "Balapan" (15:00), Youtube-арнасы мен Агенттіктің және оның аумақтық департаменттерінің, "Adaldyq alańy" жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілерде (11:00) екі тілде бейне-дәріс таратылады.