ҚӨУ профессорына мемлекеттік награда табысталды

«Қазақстан Республикасының Парламентіне 30 жыл» медалімен Baitursynuly University әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Дмитрий Легкий марапатталды.

Құрметті награданы Дмитрий Максимовичке Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов табыстады.

Медаль Қазақстан парламентаризмінің дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

Дмитрий Максимовичті лайықты марапатымен құттықтаймыз! Жетістіктерімен мақтанамыз!

Қабылдау комиссиясы