object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-20 06:39:18.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

«Құрметті қонақ» жобасының келесі мейманы – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дамир Тоғжанов.

Жастарға тәрбие беру, өңірімізге және республикамызға танымал тұлғалармен, университетіміздің түлектерімен байланыс орнату мақсатында бастау алған жобаның бұл жолғы қонағы да университетіміздің түлегі, Дамир Жөкенұлы «Экономика» мамандығы бойынша магистратураны тәмәмдаған.

Қонақ студенттерге ҚӨУ-де оқудың қызықты кезеңі, өз ісінің маманы ретінде қалыптасуы, Президенттік жастар кадрлық резервіне түсуі, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаментінде қызмет етудің ерекшеліктері туралы айтып берді. Сондай-ақ, департаменттің басшылары оқу орнымыздың заң мамандығының студенттеріне факультатив курсы ретінде «Бәсекелестік құқық» пәнінен сабақтар өткізетінін атап өту керек. «Құқықтану» ББ-ның 2 курс студенттері қонаққа өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қызықты идеялар мен ұсыныстар айтты.

Қабылдау комиссиясы