Baitursynuly University-де "ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ – АДАЛ АЗАМАТ" деген екі күндік онлайн семинар өтуде.
Қазақстан Республикасы Президенттік орталығы ұйымдастырған сабақтардың мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ әділетті және құқықтық мемлекет құру жолындағы шешімдері мен бастамаларын насихаттау.
Дәрістер барысында студенттерге "әділеттілік" ұғымы, оның концептуалды негіздері, қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени идеалдары түсіндірілді.
Сонымен қатар, семинар қатысушылары Қазақстанның өзекті басқарушылық шешімдері мен стратегиялық даму бағыттарымен таныстырылды, әділетті және адалдық негізінде азаматтық қоғам құру үшін нақты қадамдар талқыланды.
Қатысушыларға командалық ойын ұйымдастырылды, сондай-ақ олар практикалық тапсырмаларды орындады және топтарда жобалар үстінде жұмыс істеді.
Тренингтер мемлекеттің бүгіні мен болашағына жеке көзқарасын, азаматтық-патриоттық санасын қалыптастыруға, жеке тұлғаның тиімді қасиеттерін дамытуға бағытталған.