Президенттік шәкіртақы конкурсына күндізгі бөлімнің 3-ші және жоғары курс студенттері қатысады. Негізгі және маңызды талап – оқудың барлық кезеңінде оқу үлгірімі үздік, тек «А-» және «А» болуы шарт. Сонымен қатар, үміткерлер белсенді өмірлік ұстанымға ие, ғылым, мәдениет және спорт саласындағы конференцияларда, олимпиадаларда, фестивальдарда, байқауларда немесе республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларда жүлделі орындарды иеленуі, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуы және қоғамдық, мәдени және спорттық өмірдің белсенділері болулары керек. Шәкіртақы комитеті студенттердің Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясына өтініштерін қарады. Байқау нәтижесінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 30 студенті осы стипендияға үміткер атанды және университеттің ғылыми кеңесінің мақұлдауына ұсынылды. Ғылыми кеңес тізімді бекітіп, Президенттің 2020 жылдың екінші жарты жылдығына арналған стипендиясын осы 30 студентке беру туралы шешім қабылдады. Президенттік стипендия бір академиялық кезеңге (семестрге) арналған. Бірақ университеттің Факультеттік кеңесі мен Ғылыми кеңесінің шешімдері бойынша Президенттік шәкіртақыны бір адамға бірнеше рет беруге болады. Қазақстан Республикасының Президенті атындағы шәкіртақы иегерлері атанған студенттерді құттықтаймыз, асар биіктерің көп болсын! Президенттік шәкіртақыны жеңіп алған студенттердің тізімі