Университетте Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Ж.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауын ПОҚ арасында түсіндіру шараларының жоспары әзірленген болатын. П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының «Экономика және қаржы» кафедрасы аталмыш жоспарға сәйкес «Азамат – бизнес – мемлекет» үштігі» семинарын өткізді. Іс-шара модераторы – кафедра профессоры Сансызбай Жиентаев.
Семинарда еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды. Сонымен қатар жастарға жан-жақты қолдау көрсету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екені айтылды. 2023 жылы түрлі жұмыспен қамту бағдарламалары арқылы 100 мың жас маманды жұмыспен қамтамасыз ету жоспарда бар.
Кәсіпкер болам деген жастарға әрқаша қолдау көрсетілмек, кәсіби бастамаларына жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайыздан аспайтын шағын несие де ала алады.
Жолдауда студент жастар үшін тағы бір маңызды аспект атап өтілді: келер жылы мемлекет білім гранттарының санын көбейтуді жоспарлап отыр және оқуға жылдық мөлшері 2-3 пайызбен жеңілдетілген несие берілетін болады. Бұл шаралардың барлығы жоғары білім беруді қолжетімді етуге, сондай-ақ қоғамдағы серіктестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын нығайтуға ықпал етеді.