object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 18:43:16.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ЦИФРЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

Бүгін университетте Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қостанай облысы бойынша бөлімі ҚӨУ-нің оқытушылары мен студенттеріне комитеттің цифрлық жобаларын таныстырды.

Алғашқы болып университет ректоры Сейітбек Қуанышбаев сөз алды. Ректор заңгер студенттер үшін бұл шараның маңыздылығын атап өтті.

Студенттер назарына «Электрондық қылмыстық іс», «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі», «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі», Электрондық өтініштер-Жобасы, апат картасы ақпараттық жүйелері ұсынылды.«Электрондық қылмыстық іс» жобасы аясында сот өндірісі электронды форматқа көшіріліп, цифрлық жүйелер арқылы тергеу жүргізуге, сотта қарауға мүмкіндік туады. Бұл сотқа дейінгі тергеу органдарының және барлық қылмыстық процеске қатысушылардың жұмысын оңтайландырды.«Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» жобасы әкімшілік істерді электронды форматта жүргізуге мүмкіндік береді. Қадағалаудың тиімділігі мен кәсіпкерлікті заңсыз тексерулерден қорғау үшін мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз ететін «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» жүйесі құрылды. Тұрғындардың құқықтық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін «Qamqor» ақпараттық қызметінің жұмысы да көпшілік назарына ұсынылды.

Бұл өзгерістердің барлығы мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауға, құқықтық статистиканың ашықтығы мен сенімділігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған.

Сондай-ақ студенттер құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына қызметке өту тәртібі туралы ақпарат алды.

Кездесу барысында университетіміз бен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар өндірістік тәжірибені ұйымдастыру, сондай-ақ ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелерін шешу мақсатында өзара ынтымақтастық шараларын жүзеге асыратын болады.

Қабылдау комиссиясы