Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік Smart-орталықта болды. Сапар барысында Премьер-Министр Smart-орталықтың, зертханалардың және оқу кеңістіктерінің қызметімен танысты. Қонаққа коворкинг, IT-Center, спорттық бағдарламалау федерациясының филиалы, сондай - ақ астаналық Astana Hub технопаркінің филиалы болып табылатын Qostanai IT Hub-инновациялық хаб көрсетілді.
Конференция-залында жас стартапшылар мен жұмыс істеуші кәсіпкерлер Премьер-Министрге студенттер мен оқушыларға арналған мобильді қосымшаны қоса алғанда, өздері ойлап тапқан, жасанды интеллектпен мультичат, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ауыл шаруашылығы салаларындағы жобаларын ұсынды.
Сонымен қатар, кездесу барысында жастарға қатысты өзекті мәселелер, атап айтқанда тұрғын үй мәселелері де қозғалды.
Премьер-Министр жастардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған «9-20-25» жаңа бағдарламасының іске қосылғандығы туралы хабарлады.
Әлихан Смайылов заманауи технологияларға, білімге және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктеріне қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, еліміздің барлық өңірлерінде жастарды қолдаудың маңыздылығына тоқталып өтті.