object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-25 12:05:04.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

НАҒЫЗ журналистерді құттықтадық

БАҚ қызметкерлері күніне орай ректор Сейітбек Қуанышбаев басқаратын Baitursynuly University медиа орталығы газет, телеарна және ақпарат агенттіктерінің өкілдерін мерекелік жиынға шақырды.  

Университеттің тұрақты әрі сенімді серіктестері журналистерге ерекше, танымдық сыйлықтар дайындауға көмектесті.  

«Баян-Сұлу» кондитерлік фабрикасы @bayansuluofficial тәттіге құмарларды брендті шоколад жиынтықтарымен қуантты. Журналистер Ганадан келген бір қап какао бұршақтарын да қызықтап бағалады. Олардың құрамы 87-жылғы «Қазақстан» шоколадының бір данасын жасауға жұмсалатын құрамымен тең екен. 

«BESTkz» @bestkz_kz туристік агенттігінің арқасында журналистер енді іссапарларға өте ыңғайлы термалды ыдыстарға ие болды. Және бұл демалыста да таптырмайды. Сонымен қатар, сыйлыққа қосымша ретінде Қостанай облысы бойынша турлар кітапшасы кіреді.

Бұдан бөлек, сыйлықтар арасында Қостанайдағы аты аңызға айналған «Глория» @gloriya_kostanay  мейрамханасының ең дәмді «чак-чакы» және ең адал кәсіп иелеріне сыйлық сертификаттары болды.  

«Медовый дом» @medovyi_dom_kz компаниясы тәтті құтыларға біздің қостанайлық ара  балы туралы 5 ерекше деректі тіркеді.  

Allur Корпоративтік  университеті @allur_university сәнді күнделіктерімен және бейнелі футболкаларымен қуантты.  

Ал Zodiac кинотеатры @zodiac_cinema_kostanay - кез келген фильмге билеттер тарту етті!  

Айта кетейік, марапатталған журналистердің барлығы дерлік университетіміздің түлектері. Ал бұл ҚӨУ журналистика және коммуникация менеджменті кафедрасы үшін ең жақсы ұсыныс. Біздің түлектеріміз сұранысқа ие әрі табысты!  

Ректор Сейітбек Бекенұлы әрбір журналиске «сынақтан өткен журналистің» эксклюзивті сынақ кітапшасын сыйға тартты. Біз өз түлектерімізді мақтан тұтамыз.  

Ал «Фантазия» атты сөйлейтін бидай сорттары бар қаптар журналистер үшін әл-ауқаттың, сұраныс пен шабыттың бойтұмарына айналады.

Айтпақшы, бұл бірегей сортты Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында ҚӨУ студенттері мен оқытушылары жасаған.  

Бастамамызға шығармашылық қолдау көрсеткені үшін серіктестерімізге алғыс айтамыз! Журналистерді тағы мерекесімен құттықтаймыз!

Қабылдау комиссиясы