2024 ж. 21 ақпаннында Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Мухаммед Хайдар Дулатидің 525 жылдығына арналған «М.Х. Дулатидің өмірі мен шағармашылық мұрасы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның модераторы PhD докторы (философия докторы) Гүлмира Саметова болды. Дөңгелек үстел жұмысына онлайн форматта М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымының кандидаты, профессор Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы және Тарих кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Ташқараева Әсел Мұхтарқызы қатысты. Сондай-ақ А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік унивесритетінің Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары мен 6В02201-Тарих білім беру бағдарламасының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатыстысып өз қызығушылықтарын білдірді.
Іс-шараның мақсаты М.Х. Дулатидің өмірі мен шығармашылығына қатысты деректермен танысу. Дөңгелек үстел жұмысына қатысушылар Дулатидың өмірі мен соңына қалдырған мұрасы жөніндегі ойларын ортаға салды. М.Х. Дулати антындағы Тараз өңірлік университетінің ғалымдары Дулати көтерген идеялардың қазіргі заманда қалай зерттеліп жатқандығын әңгімелеп, оның бастаған ісін әрі қарай жалғастыру жайындағы ойларымен бөлісті.
Дөңгелек үстелдің екінші бөлімінде М.Х. Дулати антындағы Тараз өңірлік университетінің Дулати мұражайына виртуалды тур ұйымдастырылды. Мұражай бүгінгі күні мәдени институт мәртебесіне ие. М.Х. Дулати мұражайында жинақталған құнды деректер жайлы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Тарих кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Ташқараева Әсел Мұхтарқызы баяндап берді.