object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-09-29 12:35:06.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Абайға арнау

Пандемия барлық секторлардың жұмысына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Бірақ ҚМУ ғылыммен айналысу және білім, тәрбие беру жұмыстарын қарқынды түрде жүргізіп жатыр. Іс-шаралардың барлығы онлайн форматта өткізілуде.

Қашықтағы технологиялардың арқасында конференциялар, дөңгелек үстелдер мен кездесулер сәтті өткізіліп отырады, бұл кездесулерге қатысушылардың көпшілігін қамтуға мүмкіндік береді.

Осы аптада Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралар кешені басталды. Бүгін Экономика және құқық институтының заң кафедралары мен психология және педагогика кафедрасы «Абайдың қара сөздері» атты оқырмандар байқауын, «Абай Құнанбаев шығармаларының заманауи педагогикалық ғылымды дамытудағы маңызы» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шаралардың академиялық емес серіктестері – «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық кеңсесі, Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап кітапханасы.

Біз Абай Құнанбаевты қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ағартушы, композитор, ақын, өз заманының классигі, қоғам қайраткері ретінде білеміз, бүгінде Ұлы бабаның жаңа қырлары ашылды. Іс-шаралар барысында Абай шығармашылығының, әсіресе «Қара сөздерінің» ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығы атап өтілді.

Осындай шаралар университеттің барлық кафедраларында өтетін болады.

Қабылдау комиссиясы