ӘДЕМІ ойын

Осы аптада ҚӨУ-дың спорт алаңдарында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары арасындағы Студенттік спорт лигасының Солтүстік өңірлік кезеңінің жарыстары өтті.

Ашылу салтанатына спорт додасына қатысушы спортшылар, оқытушылар мен жанкүйерлер жиналды.

ҚӨУ-дың әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұрлыхан Темірбеков құттықтау сөз сөйлеп, барлық командаларға сапалы, әділ ойын мен сәттілік тіледі.

Бұл күндері ҚӨУ спорт алаңдарында қонақтар көп. Снежана Ставрова бізге Петропавл қаласынан келді:

«Біз Қостанайдың өте әдемі қала екенін көрдік, бұрын мұнда болмағанбыз. Мақсатымыз тартысты бәсекеде командамен бірге сапалы, әдемі ойын көрсету. Әрине, жеңіске де үміттіміз».

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Сіздердің белсенділіктеріңіз бен спорттық рухтарыңыз – басты жеңіс.

Қабылдау комиссиясы