object(DateTime)#1056 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-30 07:06:19.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚҰРМЕТТІ профессор және рухани ұстаз

Бүгін Baitursynuly University студенттері Қазақстанның Бас мүфтиі Наурызбай Утпиновпен кездесті. Кездесу «Жастар – ізгілік жаршысы» деген ұранмен өтті.

Наурызбай қажы Тағанұлы – Қазақстанның белгілі діни қайраткері, 2020 жылдың 7 ақпанынан бері елдің 5-ші Бас мүфтиі қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар, жастарды рухани тәрбиелеу мен білім беруге белсене үлес қосуда.

ҚӨУ-ге келудегі басты мақсаты – жастарға шабыт беру, өмір мен рухани даму жолында дұрыс бағыт-бағдар көрсету. Студенттер өмірлік құндылықтар, адалдық пен рухани өсу туралы сұрақтарын қызыға қойып, шараға белсенді араласты. Қадірлі қонағымыз әр сұраққа өз тәжірибесінен нақты мысалдар келтіріп, ойға салды. Соңында әр қатысушы маңызды ой түйіп, рухани серпіліс алды.

Кездесудің ерекше сәті– Наурызбай Тағанұлына Baitursynuly University Құрметті профессор атағының берілуі болды. Атақты беру туралы шешім университеттің ғылыми кеңесінде қабылданды. Атақты растайтын ресми құжатты ҚӨУ-дің әлеуметтік-тәрбие жөніндегі проректоры Нұрлыхан Темірбеков тапсырды.

«Жастарды тәрбиелеудегі және рухани ағартудағы еңбегіңіз өлшеусіз. ҚӨУ ұжымы атынан сізді құрметті атақпен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтап, алдағы қызметіңізге жаңа табыстар тілейміз», – деді проректор.

Іс-шара Қазақстанның ұлы ағартушысы Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына орай ұйымдастырылған «Өмір және өнегелі мұрасы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның аясында өтті.

Қабылдау комиссиясы