object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-23 02:49:18.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Алғыс хаттар

Жуырда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Алма Дощанованың атына алғыс хат келді.

Екінші алғыс хат Германиядан келді (Дюссельдорф). Алғыс білдіруші – «Тану. Сенім. Перспектива» қоғамдық ұйымының директоры С.Аруин. Ол университет басшылығына «Байтұрсынов оқулары–2020» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға мүмкіндік бергені үшін зор ықылас білдірді.«Азия Групп» қоғамдық қоры Сізге және Қостанай мемлекеттік университетінің ұжымына ғылыми әлемдегі ең көрнекті шаралардың бірі – «Ұлы дала тұлғаларының тағылымдары және қазақстандық қоғамды модернизациялаудың жаңа мүмкіндіктері: жаһандану жағдайындағы білім, ғылым және руханият» атты «Байтұрсынов оқулары-2020» ғылыми конференциясын ұйымдастырғаны үшін үлкен ризашылық білдіреді. Біздің ұйым зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу жұмыстарымен айналысады. Біздің жұмысымыздың маңызды мақсаттарының бірі – ғылыми-әдістемелік базаны құру, құқықтық нормаларды жетілдіру. Сондықтан Қазақстанның жетекші университеттерінің бірінде өтіп жатқан халықаралық конференциябарысында «Конституциялық және құқықтық саясат» тақырыбында баяндама оқу, сонымен қатар бұл мәселеде ынтымақтас болу көңілге қонымды»,-делінген Алғыс хатта.

Хатта: «Біз әлеуметтік жұмыспен және көптеген жылдар бойы сәтті интеграция мәселелерімен айналысып келе жатқандықтан қазір бұл тақырыптың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан мен құқықтық психология, криминология, жастар саясаты саласындағы пәнаралық зерттеулерді жүзеге асыруда жинақталған тәжірибені қолдана отырып, осы бағытта белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенімізді білдіргім келеді. Біздің «online streetwork» жобамыз дарынды зерттеушілерді, сарапшыларды, университетіңіздің ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері арасынан волонтерларды тартушы негізгі күшке айналуы мүмкін»,-деген.

Университет басшылығы да екі жақты қатынасты дамытуға, ынтымақтастыққа дайын екендіктерін айтты.

Қабылдау комиссиясы