14-15 қыркүйекте 1 курс студенттерінің студенттік клубтармен, «Өнер» шығармашылық үйімен және факультет белсенділерімен көптен күткен кездесуі өтті. Бірінші курс студенттерін жастар саясаты басқармасының бастығы Диана Ракпанова мен декандардың тәрбие жөніндегі орынбасарлары қарсы алды. Қостанай облысының жастар ресурстық орталығының өкілдері жастарға арналған бағдарламалар мен іс-шаралар туралы айтып берді. Үгіт - насихаттан кейін студенттер бірден өздерін қызықтыратын клубқа/үйірмеге жазыла алады. Сондай-ақ, студенттерге жаңадан құрылған Студенттік парламент таныстырылды, оған 11 студенттік клуб кіреді:«Ахмет Ұрпақтары» және «Парасат» пікірсайыс клубтары,«Аялы жүрек» және «Жарық» еріктілер клубтары, «күлкі аудиториясы», Жайдарман, Қазақстан Халқының Кіші студенттік Ассамблеясы, «Terra Incognito» киберспорт клубы, интеллектуалды клуб «Спарта»,«Nomad» би клубы,«Жастар Рухы» жастар қанаты. Бірінші курс студенттеріне студенттік өзін-өзі басқарудың негізгі міндеттері туралы айтылды. Бұл: 1. студенттердің оқуға, қоғамдық қызметке жауапкершілікпен және шығармашылық көзқарасын дамыту; 2. студенттік өмір мәселелерін шешуде дербестік негізінде белсенді өмірлік ұстанымды, басқару қызметінің дағдыларын қалыптастыру; 3. болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыратын бастамашыл қасиеттерді тәрбиелеу; 4. әкімшілікке, профессорлық-оқытушылық құрамға оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға және жетілдіруге көмек көрсету; 5. студенттердің бос уақытын ұйымдастыру, студенттік ұжымның әрбір мүшесінің жеке басының жан-жақты дамуына жәрдемдесу; 6. университетте қоғамдық ұйымдардың қызметін жандандыру. Айта кететіні бүгінгі таңда Студенттік Парламент университеттің барлық студенттерінің 80%-ын біріктіріп отыр.