«Педагогтердің еңбек қызметіне арналған арнайы медаль әзірленеді. Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау және жалпы әлеуметтік салада жемісті еңбек еткен тұлғалар марапатталатын «Халық алғысы» жаңа медалі тағайындалады»,- деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі.
«Педагогтердің еңбекақысын 4 жыл ішінде 2 есеге ұлғайту қарастырылған.
Педагогикалық білім беруді жаңғырту it-құзіреттіліктіктің жаңа модулін қосып, білім берудің жаңа әдістері мен технологиялары негізінде 100 пайыз жаңартылуы қажет.
Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін талаптарды кезең-кезеңмен арттыру керек.
Болашақ педагогтердің шәкіртақысын 26-дан 42 мың теңгеге дейін көтеру қажет.
Біліктілік талаптарын күшейту арқылы педагогикалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындары мен колледждерді бейіндеуді қамтамасыз ету міндеті тұр. Педагогтерді арнайы ЖОО-ларда оқыту және дайындау қажет»,- делінген хабарламада.