object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 15:33:15.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФОРУМ

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «COOPERATION, JOB OFFER AND CAREER» педагогикалық форумы өтті. Форумға 410-ға жуық түлек және 150-ден астам серіктестеріміз, 16 аудандық, 4 қалалық білім бөлімінің басшылары, 130-дан астам мектеп директорлары мен институт директорлары, кафедра меңгерушілері қатысты.

Қостанай облысы да Қазақстанның барлық аймақтары сияқты педагог кадрларға мұқтаж, маман тапшылығы әсіресе ауыл мектептерінде сезіледі. Соңғы 10 жылда университет 5 мыңнан астам педагог даярлады, бұл түлектердің 90 пайыздан астамы мамандықтары бойынша жұмыс істеп жатыр.

Университет пен оқу орындарының өзара әрекеттесуі кадр тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі. Сондықтан форум аясында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Қостанай облысының білім басқармасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, екі жақтың бірлескен күш-жігері педагогикалық кадрларды даярлау, дуалды оқыту бағдарламасын енгізу, түлектерді жұмысқа орналастыру және мектептерде ерте кәсіптік бағдар беру мәселелеріне бағытталатын болады.

Биыл педагогикалық бағыттағы 400-ден астам түлек диплом алады, айта кету керек, бұл түлектердің 90 пайызы қазірдің өзінде жұмыспен қамтылған. Олардың арасында «Серпін» және «Дипломмен ауылға!» бағдарламасының қатысушылары бар. Мысалы, университетіміздің түлегі Елена Пастернак Денисов ауданындағы Свердлов орта мектебіне жұмысқа шақырту алды.

Сонымен қатар осы жылы бинарлы мамандықтардың (екі пән бойынша, математика-физика, химия-биология, география-биология) алғашқы 40 түлегі оқу орнын тәмамдайды.

Ректор Сейітбек Қуанышбаев ағымдағы оқу жылында кәсіптік бағдар беру науқанында қолдау көрсеткен аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен белсенді студенттерді Алғыс хаттармен марапаттады.

Форум соңында оқу орны түлектері үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Қабылдау комиссиясы