ПЕДАГОГТАР референдум қорытындысын талқылады

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің педагогикалық институтында «Конституциялық өзгерістер: қоғам мен сарапшылар пікірі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара конституциялық реформаны және оның Қазақстанның дамуы үшін маңызын талқылауға арналды.

Жиын оқытушылар мен студенттерді біріктіріп, ашық диалог пен пікір алмасу алаңына айналды.

Негізгі баяндамашы – ҚӨУ-нің мемлекет және құқық теориясы кафедрасының аға оқытушысы Гүлжамал Мұқашева. Ол реформаның негізгі бағыттарына жан-жақты тоқталып, оның саяси жүйені трансформациялаудағы және мемлекеттік қағидаттарды нығайтудағы рөлін атап өтті.

Қатысушылар 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындыларын талқылады. Мемлекет үшін маңызды шараға халықтың қатысу көрсеткіші (73,12%) жоғары болды. Бұл қазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымын көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, сайлау комиссиясының деректеріне сәйкес, дауыс берушілердің 87,15%-ы жаңа Конституцияны қолдады.

Талқылау барысында референдумда көп болып қабылданған шешім Қазақстанның болашақ даму бағытын айқындайды деген ортақ пікір айтылды. Дөңгелек үстел қатысушылары бұл жаңашылдықтар тек құқықтық өзгерістермен шектелмей, ашықтық пен әділдік қағидаттарына негізделген жаңа қоғамдық мәдениетті қалыптастыруға жол ашатынына сенімді.

Қабылдау комиссиясы