object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 10:19:21.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДАҒЫ САПАР

Ғылыми ынтымақтастық аясында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің жаратылыстану ғылымдары кафедрасының бір топ оқытушылары, биология ғылымдарының докторы, профессор Татьяна Брагина, аға оқытушылар, биология магистрлері Мария Рулева және Марина Бобренко 18-21 мамыр аралығында Науырзым мемлекеттік табиғи қорығында болды.

Татьяна Брагина табиғи экожүйелердің мониторингі және оларды қорғау бойынша зерттеушілер мен инспекторларға қорықтың бағдарламалары бойынша ғылыми кеңес береді.

Қорықтың ғылыми қорына профессор Евгений Брагиннің «Науырзым қорығының құстары» қорық аумағындағы көп жылдық зерттеулерінің нәтижелерін қорытындылайтын монографиялары және профессор Татьяна Брагинаның «Науырзым қорығының топырақ мезофаунасының құрамы мен құрылымы» монографиясы, сондай-ақ «Азия далаларының биологиялық әртүрлілігі» (2017 және 2022 жж.) халықаралық ғылыми конференцияларының және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісінің қалыптасуы мен жұмыс істеуіндегі және биологиялық әртүрлілікті зерттеудегі табыстар» атты халықаралық конференцияның материалдары табысталды. Айта кету керек, аталмыш конференцияларға Науырзым қорығының ғылыми қызметкерлері де белсенді қатысқан болатын.

Қабылдау комиссиясы