Бүгін Baitursynuly University ректоры Сеитбек Қуанышбаев «Парасат» орденімен марапатталды. Марапатты ғылымды дамытуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін мемлекет басшысы атынан Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов табыстады.
«Парасат» ордені Қазақстан Республикасының дамуына сіңірген елеулі жетістіктері мен айрықша еңбегі үшін беріледі.
Сеитбек Бекенұлын жоғары дәрежелі, лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізбен мақтанамыз!