Бітірушілерді аттестаттау тестілері университеттегі оқудың соңғы мәресі. Өздеріңіз білесіздер, Білім және ғылым министрлігі пандемия жағдайында емтихан тапсыру және дипломдық жұмыстарды қорғауға арналған әдістемелік ұсыныстар әзірледі. Алгоритм заң талаптарына, Білім және ғылым министрлігінің қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы 2020 жылғы 1 сәуірдегі бұйрығына негізделген.
«Тарих» мамандығының қазақ және орыс топтарының түлектері мемлекеттік емтихандарды тапсырды, дипломдық жобаларды да қорғады және олар жоғары нәтиже көрсетті. Әрине, осындай нәтижеге тарих және философия кафедрасының студенттері мен оқытушыларының еңбегі мен табандылығының арқасында қол жетті. Түлектер өздерін 4 жыл бойы оқытқан ұстаздарына алғыстарын білдірді.