object(DateTime)#1047 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-07 23:30:14.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Миграциондық сұрақтарға ЖАУАП

Бүгін Baitursynuly University-де Қостанай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі инспекторларымен шетелдік студенттердің пайдалы кездесуі өтті.

ҚӨУ-де Германия, Армения, Өзбекстан, Ресей және басқа елдерден келген 76 студент білім алады.

Кездесудің басты мақсаты – шетелдік студенттерге қатысты көші-қон ережелері мен заңдарын түсіндіру.

Спикерлер:

Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ Рабиға Рымбекқызы жылы әрі еркін атмосфера орнатты:

«Бұл – дәріс емес, әңгіме түрінде өтетін кездесу. Ұялмай, сұрақтарыңызды еркін қойыңыздар!»

Осылайша жиын ресми сипаттан гөрі еркін сұхбат түрінде өтті. Студенттер белсенді сұрақ қойып, инспекторлар нақты әрі толық жауап берді.

Талқыланған тақырыптардан:

Қашықтан оқитын студенттер тек сессия кезінде келеді. Рұқсатты (РВП) рәсімдеуді қалай жеңілдетуге болады?

- Шетелдік студенттің келгені туралы хабарламаны Platonus жүйесіне тіркеу қажет.

Егер рұқсат мерзімі оқу жылының соңына дейін жетпесе ше?

- Рәсімдеу кезінде нақты мерзімді көрсетіп, оқу кезеңінің толық ұзақтығына өтініш беру керек.

Кездесу соңында инспекторлар көші-қонға қатысты сұрақтар бойынша 1414 нөміріне хабарласуға немесе Рабиға Мұсабаеваға жүгінуге болатынын (байланыс нөмірі оқытушылар мен әкімшілікте бар) еске салды.

«Біз әрдайым ашықпыз. Сұраудан қорықпаңыздар. Неғұрлым көп білсеңіздер – соғұрлым Қазақстанда өмір сүру мен оқу жеңіл әрі тыныш болады», – деп инспекторлар өз сөздерін аяқтады.

Қабылдау комиссиясы