А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті түлектер қауымдастығын ашатынын хабарлайды.
Университет 80 жыл бойы еңбек нарығына түрлі бейіндегі мамандарды дайындап келеді. Қауымдастықты құру миссиясы - түлектердің барлық кезеңдерінің бірлігін нығайту және студенттердің шығармашылығын дамыту мен қолдау үшін алаң құру.
Біз өз түлектерімізді үздік деп санаймыз және олардың әрқайсысын мақтан тұтамыз. Бүгінде олар мемлекеттік қызметте жоғары лауазымдарға ие, IT, ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші республикалық компанияларда жұмыс істейді және өздері ірі кәсіпорындардың басшылары болып табылады.
Біз бауырластық пен теңдіктің маңызды негізін қалаймыз. Alma Mater-мен тығыз байланыстың арқасында әрбір түлек ЖОО-ның дамуы мен жетілуіне өз үлесін қоса алады және осы қызмет арқылы өзін жетілдіре алады.
Қауымдастықтың есігі әрдайым ашық, біз сіздерді өз қатарымызда көруге қуаныштымыз.